ҚР ОСК: референдумға халықаралық ұйымнан 76 бақылаушы аккредиттелді

ҚР ОСК: референдумға халықаралық ұйымнан 76 бақылаушы аккредиттелді

Орталық сайлау комиссиясында 6 қазанда  өтетін референдумға халықаралық ұйымдарды бақылаушы ретінде тіркеу жалғасуда. Жалпы аккредитацияны 76 адам алды, олар – ТМД -ға мүше елдер, Түркі мемлекеттері ұйымы, ШЫҰ және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) өкілдері. Бақылаушылардың міндеті дауыс беру барысының барынша ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ дауыс беру учаскелеріндеғы жағдайды барынша бақылау болып табылады. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, бақылаушылар тізімі ұсыныстардың түсуіне қарай әлі де толықтырылады.