Oxford Insights халықаралық талдау орталығы жариялаған Government
AI Readiness Index 2025 рейтингінде Қазақстан айтарлықтай серпіліс көрсетті. Яғни,
жасанды интеллектіні енгізу және басқару деңгейі бойынша еліміз әлемнің 195
мемлекеті арасында 60-орынға көтеріліп, бір жыл ішінде бірден 16 сатыға
жоғарылаған. Қазақстан өңірлік бөліністе Орталық Азия елдерінің көшін бастап
тұр. Бұл тізімде «аймақтағы ең дамыған цифрлық мемлекеттердің бірі» деген
мәртебесін қайта растады. Зерттеу жасанды
интеллектіні мемлекеттік басқару, экономика және қоғамдық салада қолдану
деңгейін бағалайды. Сондай-ақ оның қауіпсіз әрі жауапты енгізілуіне жасалған
жағдай да ескерілген. Oxford Insights есебінде елдің саяси әлеуеті мен
басқарушылық дайындығы да ерекше атап өтілген. Елдің салалық министрлігінің
мәліметінше, бұл көрсеткіш мемлекеттік қызметтердің цифрлануы, электронды
үкіметтің дамуы және цифрлық инфрақұрылымның нығаюымен байланысты.

