Қазақстан Президенті Анталия дипломатиялық форумына қатысты

Қазақстан Президенті Анталия дипломатиялық форумына қатысты

Қазақстан Президенті Анталия дипломатиялық форумының «Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» панелдік сессиясына қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл әлемдік қоғамдастық алдында тұрған халықаралық күн тәртібін қалыптастыратын негізгі сын-қатерлер мен үрдістер жөніндегі ой-пікірімен бөлісті. Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі қақтығыстар өңірлік ауқымнан шығып, жаһандық сипатқа ие болды. Халықаралық аренада БҰҰ баламасы жоқ әмбебап құрылым болып қалғанымен, оның қызметін түбегейлі реформалау қажеттілігі туды. Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бұл үдерістің басты элементі Қауіпсіздік Кеңесі болып табылады. Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымымен басқа да халықаралық институттардың болашағына қатысты өз көзқарасын білдірді. Ол превентивті дипломатияның қақтығыстарды тоқтатуда өте өзекті екенін айтып, шиеленістерді болжауға бағытталған шаралардың қажеттілігін мәлімдеді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты пікірін жеткізді. Президент келіссөздер барысында басты мәселелерге ден қою керек деп санайды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?