Орталық Азия сарапшылары Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалық етуі туралы

Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету аясында оның жаһандық рөлін артуда. Орталық Азия елдерінің стратегиялық зерттеулер институттарының басшылары осындай пікірмен бөлісті. Олардың айтуынша, біздің республика бірқатар бағыттарды ілгерілету жөніндегі миссияны өз мойнына алды. Атап айтқанда, бұл – қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту, энергия ынтымақтастығын нығайту, сондай-ақ, цифрлық және экологиялық салалардағы өзара іс-қимыл. Қазақстан сондай-ақ, ұйымға қатысушы елдердің көліктік өзара байланысын дамытуға ықпал етеді, бұл өз кезегінде бүкіл өңірдің экономикалық дамуына қуатты серпін бере алады. Жалпы, сарапшылардың пікірінше, біздің республика ШЫҰ мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты тереңдетудің драйверлерінің бірі болуға және жаңа мүшелерді тартуға ықпал етуге ұмтылады. Ұйымға төрағалық ету эстафетасын қабылдай отырып, Астана өзін көпжақты дипломат ретінде көрсетіп, жалпы өңірлік және жалпы құрамдас мүдделерді ілгерілетеді.

Жавлон Вахабов, Орталық Азия Халықаралық институтының директоры:

- Бүгінде ШЫҰ Еуразия кеңістігіндегі ірі бірлестіктердің біріне айналуда. ШЫҰ осы Ұйымға көптеген мемлекеттер тарапынан осындай жоғары назар аударуы - оның дұрыс жолда келе жатқанын білдіреді. Жоғары мақсаттарға қол жеткізу үшін, бүгінде Қазақстанның төрағалығын біз қолдап қана қоймай, ШЫҰ-ның Астана саммиті аясында қабылданатын барлық уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруда зор табыстар тілейміз.

Усмонзода Хайриддин, Тәжікстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығының директоры:

- Тәжікстан үшін биылғы жылы Қазақстанның ШЫҰ басшылығына қосқан үлесі өте маңызды болды, себебі, тұрақты даму мәселелеріне, оның ішінде экологиялық проблемаларға көбірек назар аударылды, осы форматта Қазақстанда да, ШЫҰ-ға мүше басқа елдерде де өткізілген іс-шаралар көп болды. Қазақстан Республикасының ұйымға мүше елдердің даму перспективаларын тұтас пайымдауды іске асыруды қамтамасыз етуге қосқан үлесі зор.