Мемлекет басшысы Португалия Президенті мен халқын елдің ұлттық мерекесі «Португалия күнімен» құттықтап, жеделхат жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде Португалия орнықты даму, халқының әл-ауқатын жақсарту және халықаралық аренадағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келе жатқанын атап айтты.
Сондай-ақ Астана мен Лиссабон арасындағы достық қарым-қатынастар ұдайы дами беретініне сенім білдірді.