Қ. Тоқаев тазару күніне орай Қазақстан халқына үндеу жасады

Қ. Тоқаев тазару күніне орай Қазақстан халқына үндеу жасады

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. Мемлекет басшысы ел азаматтарын тазалық пен тәртіп эстафетасына белсене қатысуға шақырды. Президент «Тазару күніне» орай ел бойынша ауқымды экологиялық акция басталғанын атап өтті. Ол Наурызнама онкүндігінің аясында бастау алды. Сондай-ақ бұл игі іс-шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының жалғасы. Республика аумағында «Мөлдір бұлақ» бастамасын жаппай жүзеге асыру қолға алынды.Оның аясында бұлақтардың көзін ашып, тал егу, жағалаулар мен су айдындарын тазалау жұмыстары жалғаса береді. Ол Наурыз мейрамы кезінде қабылданған жаңа Халық Конституциясында табиғатқа қамқорлықпен қарау басты қағидаттыңбірі ретінде айқындалғанын атап өтті. Ал жаңа Ата заң ел бірлігінің арқауы, рухани және құқықтық бағдарымыз әрі Тәуелсіздігіміздің мызғымас тұғыры болатыны күмәнсіз. Қазір табиғат игіліктерін ұқыпты пайдалану және саналы тұтыну жолын таңдаған азаматтарымыздың саны артып келеді. Бұл – жарқын болашағымызға кепіл болатын игі үрдіс, деді Мемлекет басшысы. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?