Орталық Азия ғалымдары Қазақ мемлекетінің құрылу тарихын талқылады

Қазақ мемлекеттілігінің тарихы мен қалыптасуын Орталық Азия мен түркі әлемінің Астанадағы ғалымдары мен сарапшылары талқылады. Еуразия Ұлттық университетінде халықаралық конференция және белгілі тарихшы Сатай Сыздықовтың зерттеулер жинағының тұсаукесері өтті. Кездесуге қатысушылардың айтуынша, профессордың көп жылдық еңбегі Қарлұқ және Қарахан мемлекеттерінің шежіресі мен мәдениетіне арналған. Олар қазақ мемлекеттілігі бастауының іргетасына айналды. Оның еңбегі ғалымдардың баяндамаларына арқау болып, зерттеу жұмыстарына көмек берді. Сондай-ақ олар тек еліміздің ғана емес, түркі әлемінің басқа да елдерінің тарихын одан әрі терең зерделеу үшін бағдар бола алады.

Баубек Сомжүрек,  Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жоғары білім беру мектебінің директоры:

- Тарихшылардың алдына біздің бай тарихымызды егжей-тегжейлі зерттеу міндеті қойылған. Президент Орталық Азиядағы интеграциялық процестердің жақтаушысы болып келеді. Бұл тек саяси-экономикалық ынтымақтастық қана емес, сонымен қатар ғылыми-техникалық өзара қарым-қатынастарды дамыту. Қазір біздің Орталық Азия ғалымдары ғылыми ынтымақтастық  аясында бірлесіп жұмыс істеп, тарихты зерттеуге атсалысып келеді.  

Рахмаил Сафаров, Тәжік ұлттық университетінің ғылыми қызметкері:

- Бұл аумақ бізді болашақта қандай да бір бірлескен жобалар жасауға және тарихы қалың беттерді ашуға итермелейді. Орталық Азия өңірінен, барлық республикалардан және басқа мемлекеттерден жиналған ғалымдар өздерінің мазмұнды баяндамаларымен, мақалаларымен ғасырлар бойы құрылған өркениеттің тарихи парақтарын толықтыруға елеулі қосады деп ойлаймын.

Әсел Күшенғалиева 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?