Қазақстанда білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу жобасы жүзеге асырылуда

Қазақстанда білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу жобасы жүзеге асырылуда

Қазақстанның білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу ауқымы артып келеді. Мұны тиісті деректер растайды. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 165 мыңнан астам педагог OpenAI ұсынған ChatGPT Edu-ды жыл бойы тегін пайдаланады. Сервис мұғалімдерге күнделікті тапсырмаларды автоматтандыруға көмектеседі – санаулы минутта сабақ жоспарын жасау, тест, тапсырмалар әзірлеу, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқушылардың дайындық деңгейіне лайықтап материалдарды бейімдеу мүмкіндігі бар. Бұған қоса, білім беру мамандарының біліктілігін арттыру жүргізілуде. Жалпы, жоба білім беру саласының 200 мыңға жуық қызметкерін қамтиды. Педагогтардың цифрлық сауаттылығы өсуде. Айталық, AI-мен жұмыс істеу бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 250 мыңнан астам оқытушы өтті, ал білім деңгейінің арту көрсеткіші 28% құрады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?