Астанада жүрек ауруларын емдеудің озық әдістері мен жаңа технологиялары
таныстырылды. Елордада Орталық Азия Аритмология саммитінде Қазақстан, Түркия,
Австрия, Корея, Қытай, Польша, Әзербайжан, Германия, БАӘ, Ресей, Беларусь,
Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің дәрігерлері бас қосты. Олар екі күн бойы саланың өзекті бағыттарын
талқылады. Отандық мамандар жүрекшелер фибрилляциясын ендіру тәжірибесі және катетерлік
емдеудің тың тәсілдерімен бөлісті. Сондай-ақ, қазақстандық дәрігерлер 2
камералы кардиостимуляторларды имплантациялаудағы инновацияны таныстырды. Жүректің
қағысын ретейтін қондырғы орнату ТМД аумағында алғаш рет біздің елде қолға
алғанын айта кету керек. Жаңа стимулятор сымсыз жұмыс істейді, екі батареясы
бар. Адам ағзасына зиянды сәуле бөлмейді. Бастысы науқас қай жерде жүрсе де
дәрігер бақылауында болады. Мамандардың айтуынша, бұл аппаратпен пациент кемі 8
жыл жүреді. Кейін оны қайта алмастыруға мүмкіндік бар. Жүрек қондырғысын
дәрігерлер өткен аптада алғаш рет бірнеше адамға орнатып үлгерді.
Аян Әбдірахманов, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы жүрек ырғағы
орталығының басшысы:
- Әрбір аппараттың ішінде жасанды интеллект бар. Олардың ішінде алгоритмдер
бар сол алгоритімдер бойынша жүрек соқпай қалған кезде олар импульс береді.
Өздері соны таниды. Жүректің қатты соғып кететін аретмия болған кезде, ол
жүреке шок беріп, оның соғысын қалыпқа келтіреді. Дефебрилятор деп айтамыз. Ол
адамның кезектен тыс қайтыс болуына арналған аппараттар. Компьютер, смартфон арқылы аретмиясын бақылап
отырамыз. Соған байланысты коррекция жасай аламыз.

