Қазақстандықтар атом энергетикасын дамыту мәселесін талқылауда

Қазақстандықтар атом энергетикасын дамыту мәселесін талқылауда

Қазақстанда энергетика саласын, оның ішінде атом энергетикасын дамыту мәселесі еліміздің өңірлері мен қалаларында белсенді талқылануда. Алматыда бизнес, қоғамдық ұйымдар мен білім беру мекемелерінің өкілдері жиналды. Қатысушылар АЭС құрылысы республикадағы энергия тапшылығы проблемасын кешенді шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Оған қоса, көп деңгейлі қауіпсіздік жүйесі бар қуатты энергия көзін орнату елімізге электр энергиясының тұрақты және қолжетімді тарифтерін қамтамасыз етеді.

Ертұған Үмбетқұлов, Energo University профессоры:

- Қазіргі таңда АЭС дегеніміз - жеке маманның қателіктерін автоматты бұғаттау болып табылады. Осының өзі АЭС қызметінің  қауіпсіздігін дәлелдейді емес пе? Түнгі уақытта екі тарифті жүйені енгізуге қол жеткіземіз. Бұл ретте түнде қуатталатын энергия жинақтағыштарды іске қосу мүмкіндігі де туар еді.

Болашақ энергетиктер, яғни, бүгінгі студенттердің айтуынша, АЭС - елді электрмен қамтамасыз етудің сенімді және экологиялық әдісі. Атом станцияларының жұмысы ауа райына тәуелді емес. Соның арқасында ол сенімдірек саналады.

Әлішер Сәбитұлы, студент:

- Мен болашақ энергетик ретінде, атом энергиясы әрдайым басымдықта болады деп айта аламын, өйткені, барлық дамыған елдерде атом энергетикасы жақсы дамыған. Жасыл энергетикамен салыстырғанда ол тұрақты және қуаты да жоғары. Біртіндеп кадрлар көбейеді және энергетиктерге жақсы мүмкіндіктер ашылады.

Қарағандылық белсенділер алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір көрінісі және «еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың жарқын мысалы болатынына сенімді.

Дмитрий Полтаренко, Қарағанды облысының азаматтық альянс қауымдастығының президенті:

- Бұл да әлеуметтік-экономикалық себептің бірі. Әрине, 6- қазанда өтетін референдумды айтпай кетуге болмайды. Осындай маңызды мәселе халық талқысына ұсынылып, көпшіліктің қалауы ескерілетіні көп нәрсені аңғартады. Мен үшін бұл Қазақстанның жаңа бағытының көрсеткіші. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, елдің болашағына бей-жай қарамайтын әрбір қазақстандықты референдумға қатысуға шақырамын