Қазақстанда алғашқы микрочип жасалды

Қазақстанда алғашқы микрочип жасалды

Қазақстанда ел тарихындағы алғашқы микропроцессор таныстырылды. Ол Назарбаев университетінде жасалды. Жоғары оқу орынның ғалымдары «Designed in Kazakhstan» белгісі бар чиптің технологиялық экожүйені қалыптастыру мен жартылай өткізгіш құрылғы жасайтын компаниялар индустриясына бағыт алудағы маңызды қадам деп отыр. Бұған қоса, ғылыми зерттеулер, білім беру және инновациялық даму үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Микрочип автоматтандырылған құрылғыларда, шағын өндірістік компьютерлерде пайдаланылуы мүмкін. Яғни, жоғары өнімділікті қажет етпейтін, бірақ сенімділік пен тұрақтылық аса маңызды ортада таптырмас құрылғы. Процессорды әзірлеу мен тестілеуге үш ай уақыт кеткен. Бұл -қазақстандық ғалымдардың Қытай ғылым академиясы университеті мен Пекин ашық бастапқы кодтар институты арасындағы ынтымақтастығының жемісі.

Нұрсұлтан Қабылқас, Назарбаев университетіндегі инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің ассистент-профессоры:

- Біздің процессорларды жобалау саласындағы біліміміз микрочиптерді жасау бойынша қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді. Еліміз импортқа тәуелділікті азайтып қана қоймай, өнімді экспортқа шығара алады. Осылайша, біз чиптер жасау бағытында шетелдік клиенттермен келісім жасай аламыз. Сонымен қатар, бұл жетістіктер цифрлық трансформация дәуіріндегі ұстанымымызды нығайтуға септігін тигізетініне сенімдімін.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?