Қазақстанда жасанды интеллект негізіндегі медициналық экзоскелет әзірленді. Nazarbayev University ғалымдары инсульт алған, сондай-ақ тірек-қиымыл жүйесі зақымдалған адамдарға арналған құрылғы ойлап тапты. Қазір мамандар жаңа технологияны клиникалар мен оңалту орталықтарына енгізуге дайындап жатыр. Бұл елімізде ресми тіркелген осы текті алғашқы медициналық жабдық. Аппарат жүгіру жолын, аспалы жүйе және роботталған қаңқа мен датчиктерді қамтиды. Бұл кешен әр адамның жағдайына қарай жаттығу қарқынын реттеп, түсетін күшті ыңғайлап береді. AI алгоритмдері әрбір буынға көмек күшін бейімдей отырып, нақты уақыттағы қозғалыстарды талдайды. Бұл заманауи жүйе оңалу процесін жеңілдетеді. Осылайша өнертабыс жүріп-тұруы қиын жандардың қайта аяққа тұрып кетуіне көмектеседі. Мамандардың айтуынша, отандық экзоскелет құны баламалы шетелдік құрылғыларға қарағанда әлдеқайда арзан болмақ.
Айбек Ниетқалиев, Nazarbayev University Робототехника кафедрасының ассистен, профессоры:
- Бұл шынымен де Балаларды оңалту орталығында ғана емес, еліміздің өзгеде
емдеу мекемелерінде нақты клиникалық жағдайларда пайдаланылатын алғашқы
әзірлемелердің бірі болуы мүмкін. Бұл пилоттық жобалардың бірі. Травматология
және ортопедия орталықтарында, тіпті жеке меншік клиникаларда да қолдануға
болады. Біз түрлі орталықтармен, оның ішінде шетелде де жұмыс істеуге дайынбыз.

