Елордада «Астана» медициналық университеті
қабырғасында медицинадағы радиациялық қауіпсіздік жөніндегі арнайы оқу орталығы
ашылды. Енді мұнда тікелей радиоактивті сәулелену көздерімен жұмыс істейтін
физиктер, дәрігер-радиологтар, дозиметристер, орта медицина қызметкерлері өз
біліктіліктерін арттыра алады. Ол үшін Радиобиология және радиациялық қорғау
ғылыми-зерттеу институтының мамандары МАГАТЭ-мен ынтымақтастық шеңберінде
арнайы курстан өтті. Халықаралық агенттік бұдан басқа орталыққа қажетті
жабдықтарды сатып алу қамында қаражат бөлді.
Мейрат Бахтин, «Астана» медициналық университеті жанындағы Радиобиология және радиациялық қорғау ҒЗИ директоры:
- Бұл орталық МАГАТЭ - атом энергетикасының халықаралық агенттігі жобасының шеңберінде ашылды. Біздің мамандар Еуропада біліктілігін арттырып қайтты. МАГАТЭ сарапшыларымен бірлесіп кадрларды даярлау жөніндегі оқу бағдарламалары әзірленді. Сондай-ақ, медицинадағы сапаны бақылау үшін арнайы озық үлгідегі аса сезімтал дозиметрлер мен фантом-тестер сатып алынды.
Айта кетейік, оқу орталығы ядролық медицина саласының мамандары үшін бұндай
курстар ұсынатын Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз мекеме. Сондай-ақ,
орталық қабырғасында дәрігерлер мен науқастарды иондаушы сәулеленуден қорғауды
қамтамасыз ету үшін ұлттық стандарттар әзірленетін болады. Мұнда ғылыми білім жағыда
дамытылмақ. Ол үшін жүрек ырғағы және респираторлық медицина екі жаңа
ғылыми-зерттеу институты ашылды. Алғашқысы атына сай адамның ең маңызды
органының дерттерін, екіншісі тыныс алу жүйесімен байланысты ағза ауруларын зерттеумен
айналысады.
Наталья Латыпова, Респираторлық медицина ҒЗИ директоры, ҚР ДСМ бас штаттан тыс пульмонологы:
- Биыл біз ұлттық респираторлық медицина қоғамы еуропалық респираторлық
қоғамға кірді. Біз меморандумға қол қойдық. Оның аясында қазіргі таңда бірлесе іске
асырылып жатқан бірқатар жобаны қарастырудамыз. Біз қазір бұл бағытта өзгеде
университеттермен, Ресей Федерациясы Беларусь және Қырғызстан сынды ТМД елдерімен
жұмыс істейміз.