Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған әдеби
челленджді мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қабылдады. Ол өзінің әлеуметтік
желідегі парақшасында Мұхтар Әуезовтың «Абай Жолы», Абайдың «Қара сөздер
жинағы», Бауыржан Момышұлының «Соғыс психологиясы» және басқа да сүйікті
кітаптарының тізімін жариялады. Естеріңізге сала кетейік, челлендждің мақсаты
қазақстандықтардың арасында ең танымал шығармаларды анықтау. Олардың тізімі 10
тамыз - Абай күні белгілі болады.
Ерлан Карин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:
- Өз кезегіне бұл әдеби эстафетаны мен Мәжіліс төрағасы Ерлан Жаханұлы
Қошановқа, Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы Мереке Құлкеновке, Ұлттық
мұражай директоры Берік Әбдіғалиұлына және белгілі блогер, журналист Өркен
Кенжебекке жолдаймын.

