Қазақстан өңірлік білім беру хабына айналып келеді. Қазір елімізде білім қуған шетелдік жастардың қарасы артуда. Олардың бірі кореялық - Джанг Сун. Қазақ достары оған «Жандос» деген есім беріпті. Бұған қоса, кәріс студенті қазақ тілін меңгеруге бел буған.
- Сәлеметсіз бе? Менің атым Жандос. Мен студентпін. Кореядан келдім.
Түркістанда жаңадан ашылған Woosong University
халықларалық кампусында оқып жүрген оның жерлестері де аз емес. Бүгінде олар
қазақстандық жастармен қатар заманауи бағытта білім алып жүр.
Ким Сынгджин, Студент /Корея/:
- Бұл Университеттің ашылғанын Кореяда жүргенде
естігенміз. Сүйтіп басқа елде оқып көрсем қалай болар екен деген ой келді.
Бастапқыда жергілікті студенттермен жақын танысып, бірге серуендегім келді.
Бірақ олар көп уақытын оқуға арнайтынын байқадым. Содан мен де соларға қарап,
білімге көбірек көңіл бөле бастадым.
Ерғали Бердібаев «Woosong» университетінің жи және
деректер ғылымы департаментінің профессоры:
- Халықаралық университет дегенде біріншіден ағылшын
тілінде ғана өтеді. Және қазіргі таңда шетелдегі нарық соның ішінде Кореядағы
соңғы ақпараттық технологиялардың дамуы сонша ЖИ бар, деректер ғылымы бар сол
бойынша әлемге, нарыққа мамандарды даярлап шығатын орталық болмақ.
Бүгінде Түркістанда 1200 аса шетелдік студент білім алып
жүр. Олардың дені Түркия, Әзірбайжан, Якутия, Корея секілді елдерден келген. Шетелдік
жастар әсіресе медицина, инженерия, IT, әлеуметтік және экономикалық бағыттарға
ерекше қызығушылық танытуда.

