Елімізде «Ортағасырлық Қазақстан тарихы» ғылыми-зерттеу орталығын құру көзделіп отыр. Ол III-XVIII дәуірлерді қамтитын кезеңдердегі қазақ тарихына қатысты талдаулар жасаумен айналыспақ. Бұл мақсатта шетелдік мұрағаттар, музейлер мен кітапханалардың құжаттарын қайта саралау жоспарланған. Сондықтан араб, парсы, шағатай, көне хансу, мұңғыл жазбаларын түпнұсқадан аудара алатын білікті мамандар жасақталады. Яғни, жаңа орталық Қазақстан тарихына қатысты деректерді жинау үшін шетелге сапарлар ұйымдастырып, отандық ғалымдарға сирек қолжазбаларды терең зерделеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар табылған барлық құнды мәліметтер мен жәдігерлерді ғылыми айналымға енгізуге дейінгі жұмыстарды толық үйлестіретін болады.
Өмірбай Бекмағамбетов, ЕҰУ Тарих факультетінің деканы:
- Бұған дейін де «Мәдени мұра» бағдарламасы болды,
көптеген көне қолжазбалар әкелінді. Бірақ соның ішінде әлі де зерттелмей
қалған, ғалымдардың қолы жетпей қалған, кейде уақыттың мүмкіндіктері болмай
қалған құнды жәдігерлер әлі де көп. Қазір енді ақпараттық кеңістік заманы ғой.
Әрбір осы халықаралық деңгейдегі кітапханалардың, музейлердің порталдарына
кіріп, осы жөнінде олардың каталогтарын қарап қазір библиографиялық көрсеткіштерді
дайындап жатырмыз
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

