Қазақстанда 4 млн астам оқушы жаңа оқу жылын бастады

Қазақстанда 4 млн астам оқушы жаңа оқу жылын бастады

Қазақстанда 360 мыңнан астам бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Барлығы 4 млн астам оқушы жаңа оқу жылын бастады.  Олардың 232 мыңы 11 сыныпта оқиды. Оларға 600 мыңнан астам педагог білім нәрін сіңіреді. Жалпы ел бойынша биыл 8 мыңнан астам мектеп есігі ашылды. Оның 130 «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында құрылды. Айта кетейік, осы оқу жылынан бастап бағдарламаға бірқатар өзгеріс енді. Енді барлық шәкірттер жасанды интеллект негіздерін үйренетін болады. Ал жоғары буын үшін ерте кәсіптік бағдарлау жүйесі енгізілуде. Тәрбие жұмысына деген көзқарас та өзгерді. Бұл іс «Адал азамат» бірыңғай бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Бұдан бөлек «ДосболLIKE» буллингтің алдын алу жұмысы қолға алынды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?