Астанада Social Startup 2025 бағдарламасының жеңімпаздары анықталды

Астанада Social Startup 2025 бағдарламасының жеңімпаздары анықталды

Қазақстанда Social Startup 2025 бағдарламасының жеңімпаздары анықталды. Ол әлеуметтік бағыттағы жаңа жобаларды қолдауға бағытталған. Қатысуға өтінім берген 153 стратап командасы тәжірибелі сарапшылардың көмегімен екі ай бойы өз бастамаларын дамытты. Үздік бастамаларды жүзеге асыруға Назарбаев Университетінің Impact Foundation қоры 10 млн теңгеге дейін грант ұсынды. Нәтижесінде, инновациялық жаңалығы, ғылыми негізі, әлеуметтік пайдасы мен экономикалық өміршеңдігі тәрізді 4 талапқа сай келген 10 үздік стартап іріктелді. Олардың ішінде жасанды интелект көмегімен инсульттан кейінгі қолдау, балаларға виртуалды логопед, шағын бизнестің ірі коорпорациялармен бәсекеге қабілетін қамтамасыз ету, жаңа экологиялық материалдар өндірісі тәрізді тың бастамалар бар.

Асхат Адхамов, Стартап жетекшісі:

- Ірі коорпорациялар жасанды интелектіні пайдалану үшін миллиондаған қаржы бөле алады, ал шағын және орта бизнесте мұндай мүмкіндік жоқ. Сол себепті біз өз жобамызды ұсындық. Оның көмегімен арнайы мамандығы жоқ қатардағы жеке кәсіпкер, қарапайым азаматтардың барлығы өз бизнесіне қажетті жасанды интелектіні пайдалана алады. Осы жобаның көмегімен біз өз стартапымызды қаржыландыру мүмкіндігін алдық.  Ұтып алған гранттан бөлек 500 мың доллар инвестиция тартып, компаниямыздың құны 5 млн долларға  

Саят Нүсіпов, NU Impact Foundation басқарма төрағасы:

- Әлеуметтік жобаларды біз грант береміз де сол жұмыстарын істейді де сонымен бітіп қалады. «Social Startup» деген әлеуметтік пайданы да  жасауы керек, қаржыланып өзіне ақша табуы керек, ол проект әрі қарай жалғасуы керек. Мерзімі ұзаруы керек. Сондықтан, әлеуметтік пайдасы да көбірек болады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?