Қазақстандық колледж студенттері халықаралық сертификаттаудан өтуде. Бұл
олардың кәсіби дағдыларын жаһандық деңгейде тануға бағытталған маңызды қадам. Алғаш
рет іске асырылып отырған жоба жұмысшы мамандықтары жылы аясында енгізілді. Осы
бастама техникалық және кәсіптік білім беру түлектерінің біліктілігін растаудың
жаңа құралына айналмақ. Айта кетейік, бұл халықаралық сертификат әлемнің 152 елінде
танылған. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Австралия және Еуропа, Азия, Таяу
Шығыс елдері бар. Сондықтан сертификат тек Қазақстанда ғана емес, одан тысқары
жерлерде де құнды. Сынақ Certiport платформасында өткізіледі.
Мереке Амангелдіқызы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі:
- Қазақстандағы алғашқы авторизацияланған тестілеу орталығы Талап базасында ашылды. Сондай-ақ, елдің тағы 5 колледжінде іске қосылды. Елордалық политехникалық колледждің 4 студенті емтиханды сәтті тапсырып, алғашқы сертификаттарға ие болды. Сертификат алғаннан кейін студенттер шетелде жұмысқа орналасу және тағылымдамадан өту секілді нақты артықшылықтарға ие болады.
Айта кетейік, бұл Қазақстанның кәсіби білім беру жүйесін әлемдік білім беру
және еңбек кеңістігіне интеграциялау бағытында жасаған сенімді қадамдарының
бірі. Осылайша, жас мамандарға өздерін халықаралық аренада тантуға мүмкіндік
беріледі.

