Оралда ірі логистикалық хаб салынады

Оралда ірі логистикалық хаб салынады

Қазақстанда Еуразиялық индустриялық-логистикалық хабтың құрылысы басталды. Болашақ нысанның іргетасын қалау рәсімі Оралда өтті. Мұнда үшінші тараптардың жүктерін сақтау және өңдеу үшін ашық үлгідегі кеден қоймасы пайда болады. Жаңа хаб бизнес үшін тартымды нысанға айналмақ, әрі Қазақстанның Еуразияның маңызды көлік-логистикалық орталығы ретіндегі орнын нығайтады деп күтілуде. Айта кетейік, Орал халықаралық көлік бағыттарының қиылысында орналасқан және Еуразиялық  экономикалық одақ елдерінің нарықтарына тікелей шығатын заманауи индустриялық-логистикалық орталық қалыптастыру әлеуетіне ие.


Сұлтанғали Кенжеқұлов, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы:


- Жалпы осы жобаның көлемі 130 млн доллар болып саналады. Осы жоба саудаға, логистикаға, өндіріске оң септігін тигізеді деп сенеміз. Логистикалық хабта үлкен складтар болады, А деңгейіндегі складтар болады. Одан кейін өндірістер шығарылады, таможня болады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?