Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында суперкомпьютерлер қойылып жатыр. Қазір мұндай есептеу қуаты екі жоғары оқу орынында бар. Бірі – Алматыдағы Қазақ ұлттық университеті болса, екіншісі – Астанадағы Еуразия ұлттық университеті. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұловтың айтуынша, қос оқу орнына да деректерді ақылды басқару жүйесі қосылған. Алдағы уақытта суперкомпьютер елдің өзге де оқу орындарында қойылады. Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 3 жылда Қазақстанды толық цифрлық елге айналдыру міндетін қойған болатын.
Талғат Ешенқұлов, ҚР
Ғылым және жоғары білім вице-министрі:
- Оларды өз зерттеуінде суперкомпьютер қолданғысы келетін
кез келген өзге ғалымдар да пайдалана алады. Әрине, болашақта бұдан басқа да
суперкомпьютерлер өзге Жоғарғы оқу орындарында орнатылуы мүмкін екенін жоққа
шығармаймыз, бірақ қазіргі қолда бар деректер қорын өңдеу үшін осы екі
суперкомпьютердің қуаты жеткілікті.

