Қасым-Жомарт Тоқаев
Ұлыбританияның Сыртқы істер министрін
қабылдады. Мемлекет
басшысы Дэвид Кэмеронның Қазақстанға
сапары екіжақты қатынастарды дамытуға тың серпін беру тұрғысынан мәні зор екенін айтты. Оның үстіне тараптар арасында сауда-экономикалық және
инвестициялық ықпалдастықты, соның ішінде энергетика, «жасыл» экономика, қаржы,
инновация салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға мол әлеует бар. Мемлекет
басшысы екі елдің сыртқы саяси ведомстволары басшылары арасында қол қойылған
Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің маңыздылығын да назардан тыс қалдырмады. Президенттің
пікірінше, бұл жан-жақты құжат сан қырлы байланыстарымызды кеңейту үшін берік
негіз қалайды. Әңгімелесу
барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету, әсіресе, білім беру
саласы мен жастарды қолдау ісіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн
тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев,
Қазақстан Республикасының
Президенті:
-Біздің маңызды стратегиялық
серіктесіміз – Ұлыбританиямен арадағы өзара тиімді ынтымақтастықтың қарқынды
дамып келе жатқанына көңіліміз толады. Біз өзара серіктестігімізі одан әрі нығайта түсуіміз керек.
Дэвид Кэмерон, Ұлыбритания Сыртқы істер министрі:
-Мен мұнда 11 жыл бұрын екі ел
арасындағы стратегиялық диалогты бастау үшін келген едім. Бүгін Қазақстанның Сыртқы істер министрімен стратегиялық
серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойдық. Энергетика, білім,
бизнес және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға және халықтар
арасындағы байланыстарды өркендетуге ниеттіміз.