ОПЕК + мұнай өндіруді қысқартуды ұзартты

ОПЕК + мұнай өндіруді қысқартуды ұзартты

ОПЕК + елдері мұнай өндіруді ерікті түрде қысқарту мерзімін ұзартты. Бұл шектеу желтоқсанның соңына дейін қолданылады. Сегіз ел, оның ішінде Қазақстан да қолданыстағы келісімді ұстануға ниетті. Жыл басынан бері әрекет етіп келе жатқан құжатта «қара алтын» өндіру көлемін тәулігіне 2 млн баррельден астамға азайту қарастырылған. Қатысушы елдер шектеуді қазан айынан бастап алып тастамақ болды, алайда қыркүйектегі онлайн-кездесудің қорытындысы бойынша мұнай өндіру мөлшерін бұрынғы қалпында қалдыру туралы шешім қабылданды. Айта кетейік, күзде қара алтынның әлемдік бағасы айтарлықтай төмендеді. Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша, 2025 жылы әлемдік мұнай өндірісі бес жылдық минимумға дейін құлдырайды.

Әсел Күшенғалиева