Қазақстан
мен Сейшел аралдары өзара визасыз режимді енгізуді жоспарлап отыр. Тараптар арасындағы келісімнің
тиісті жобасын Сыртқы
істер министрлігі «Ашық» НҚА сайтында жариялады. Визалық талаптардан
өзара босату туралы келісімді талқылау 28 тамызға дейін қолжетімді. Осылайша, паспорт иелері екі
мемлекеттің аумағына 180 күн ішінде визасыз келуге, кетуге, транзит арқылы өтуге немесе
30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге
визалық талаптардан босатылады.
Дегенмен, өз кәсібін ашып, бизнесін дөңгелеткісі келетіндер, не болмаса
білім алу мақсатымен баратындар, яғни көрсетілген уақыттан ұзағырақ болатындар
арнайы рұқсат алулары керек.
Келесімге қол қою Қазақстан мен Сейшел аралдары Республикасы арасындағы
тығыз ынтымақтастықты дамытуға және
төлқұжаттардың барлық түрлерінің иелері үшін
жеңілдетілген визасыз тәртіпті орнатуға көмектеседі. Еліміз төлқұжат күші рейтінгісінде 97 мемлекеттің ішінде
53 орында тұр. Қазақстандықтар 39 елге визасыз бара
алады, сондай-ақ тағы 52 елге
барған кезде виза ала алады.