Астанада Халықаралық заңгерлер конгресі өтіп жатыр

Астанада Халықаралық заңгерлер конгресі өтіп жатыр

Ясауи университеті заң факультетінің оқытушылары Түркия елінің Әділет академиясында біліктіліктерін арттыру мүмкіндігіне ие болады. Бауырлас ел қазақстандық әріптестері үшін арнайы тәжірибелік курстар ұйымдастырады. Тараптар Астанада Халықаралық заңгерлер конгресінде осындай меморандумға қол қойды. Құжат аясында құқықтық білім беру мен сот жүйесі саласында бірлескен жобалар жүзеге асады. Аталған жоғары оқу орны Қазақстанның құқық қорғау органдары академиясының өзге де серіктестерімен  ынтымақтастық орнатады. Іс-шара отандық Академияның 10 жылдығына және еліміздің Түркі сот-құқықтық даярлау желісіне төрағалық етуіне арналды. Жиында Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның сот төрелігі және қадағалау мектептерінің сарапшылары мен басшылары, сондай-ақ дипломаттар, халықаралық ұйымдардың өкілдері бас қосты. Қатысушылар ғылым мен білім саласындағы өзара әріптестік аясын кеңейтуге бағытталған тың бастамаларымен бөлісті. Сондай-ақ, Түркі мемлекеттері Ұйымы аясында ұйымдасқан қылмыс, экстремизм және терроризм сынды трансұлттық қауіп-қатерлерге қарсы күрестің жолдарын ортаға салды.

Илёсжон Кадыров, Өзбекстан құқық қорғау академиясының Тіркеуші кеңсесі орталығының бастығы:

- «Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары Академиясы мен Өзбекстан Республикасы құқық қорғау Академиясы арасындағы тығыз ынтымақтастық тақырыбы өте өзекті. Біз осындай іс-шараларда жиі бас қосамыз. Өткен жылы Өбекстан астанасы Ташкентте осындай жиын ұйымдастырылған болатын».

Мәдина Сәриева, БҰҰ Есірткі басқармасы кеңсесінің басшысы:

- «Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау Академиясы бүгін 10 жылдығын атап өтіп жатыр. Осы уақыт аралығында Академия әртүрлі желінің белсенді қатысушысына айналды. Бізде Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдері үшін прокуратура және сот жүйесі органдарының халықаралық-құқықтық ынтымақтастық желісі бар. Сонымен қатар, активтерді қайтару мен оларды іздеу бойынша желі жұмыс істейді. Қазақстан өңірдің басқа елдеріндегі және өңірден тыс жерлердегі ұқсас бөлімшелермен белсенді өзара іс-қимыл жасайды».

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?