Қ.Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады

Қ.Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды әз-Наурыздың бастауы – Амал күнімен құттықтады. Амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз. Қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Жастар қариялардың батасын алады. Мемлекет басшысы халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білгенін атап өтті. Мұның бәрі қазіргі Қазақстанның Адал азамат тұжырымдамасымен толық үндеседі. Бүгінде көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?