2035 жылға қарай қазақстандық өндірістердің зиянды шығарындылары 300 мың тоннадан астам қысқарады

2035 жылға қарай қазақстандық өндірістердің зиянды шығарындылары 300 мың тоннадан астам қысқарады

2035-ші жылға қарай отандық өндіріс ошақтарының қоршаған ортаға зиянды шығарындылары 300 мың тоннадан астам қысқарады деп күтілуде. Бұл туралы ел Премьер-министрінің төрағалығымен өткен «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысында айтылды. Жиында зиянды шығарындылардың ауаға таралуын азайту, кәсіпорындарда жаңа технологияларды енгізу және орнықты даму бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізу жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы қаралды. Олжас Бектенов еліміздің «жасыл» экономикаға көшуі және көміртегі бейтараптығына қол жеткізуі бойынша Үкіметтік емес сектор мен ғылыми қоғамдастық және бизнестің бірлескен жұмысының маңызын атап өтті. Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр жауапты министрліктерге бірқатар тапсырма берді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?