ОПЕК бас хатшысы: Қазақстан – әлемдік мұнай-газ саласының негізгі ойыншысы

ОПЕК бас хатшысы: Қазақстан – әлемдік мұнай-газ саласының негізгі ойыншысы

Қазақстан жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Жер қойнауының бай табиғи ресурстары және стратегиялық маңызды географиялық орналасуы елімізді Еуропа үшін ғана емес, Азия мен Орталық Азия өңірі үшін де негізгі жеткізуші етеді. Бұл туралы ОПЕК-тің бас хатшысы Хайтам әл-Гаис KazEnergy форумы алаңында Қазақпарат агенттігі тілшілеріне берген эксклюзивті сұқбатында мәлімдеді.

Хайтам әл-Гаис, ОПЕК бас хатшысы:

- Қазақстан – әлемдік мұнай-газ саласының негізгі ойыншысы. Елдің шамамен 30 миллиард баррель мұнай қоры бар. Бұл – әлемдегі барлық қордың шамамен 2%. Сондықтан Қазақстан болашақта да әлемге энергия жеткізетін басты елдердің қатарында қала береді. Президент Тоқаевтың тәжірибелі басшылығының арқасындағы саяси тұрақтылық инвесторларға да, серіктестерге де сенім ұялатады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?