2025 жылдың соңына дейін қатерлі ісікке қарсы отандық дәріні тіркеу жоспарланған

2025 жылдың соңына дейін қатерлі ісікке қарсы отандық дәріні тіркеу жоспарланған

Қазақстанда жыл соңына дейін онкологиялық ауруларды емдеуге арналған алғашқы отандық дәріні тіркеу жоспарланған. Қазір клиникалық сынақтардың екінші кезеңі қарқынды жүріп жатыр. Былтыр әзірлеменің бірінші деңгейдегі тексерістері сәтті яқталды. Бұл жолы зерттеулердің ауқымы кеңейді. Сынақтар обырдың барлық түрлерін қамтиды. Ғылым және жоғары білім министрі дәрі-дәрмектің тұрақты нәтиже көрсетіп жатқанын атап өтті. Науқастардың денінде ісіктері шамамен үштен бірге тартылған. Кейбірінде тіпті ремиссия байқалған.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Осы жылдың соңына дейін осы препаратты тіркеп, нарыққа шығуды жоспарлап отырмыз. Нәтижелері өте жақсы, тұрақты. Осы жылдың соңына қарай оны кең көлемде ұсынамыз.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?