Қазақстанға мемлекеттік
сапармен Оңтүстік Кореяның Президенті
Юн Сок Ёль келді. Мәртебелі мейманды әуежайдан Премьер-Министр Олжас Бектенов салтанатпен қарсы
алды. 3 күнге созылатын мемлекеттік
сапар аясында бірнеше маңызды шара жоспарланған. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок
Ёль бірқатар келіссөз жүргізеді және қазақ-корей бизнес-форумына қатысады деп
жоспарланған. Сондай-ақ, сапар
аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады деп күтілуде.