Қазақстанның ШЫҰ-на төрағалығы өңірлік ынтымақтастықты нығайтудағы айтарлықтай күш-жігерімен, сауда, экономика, мәдениет және гуманитарлық мәселелерді шешуімен ерекшеленді. БҰҰ-ның Бас хатшысы «ҚазАқпарат» агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатында осындай пікірмен бөлісті. Антониу Гутерриш еліміз климаттың өзгеруі мен су тапшылығы мәселелерін шешуге белсене кіріскенін атап өтті. Ол мемлекеттерді осы бағытта нақты іс-қимылдар жасауға шақырды.
Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:
- Олар 2030 жылға қарай қазба отындарын өндіру мен тұтынуды кемінде 30%-ға қысқартудың нақты жоспарларын қамтуы керек. Қазақстан энергетикалық көшудегі, оның ішінде биыл Әзербайжанда өтетін Тараптар конференциясында өзінің толық рөлін атқаратынына сенімдімін.