Қазақстанда сирек металдардың 10 учаскесі табылды

Қазақстанда сирек металдардың 10 учаскесі табылды

Қазақстанда сирек кездесетін металдар шоғыры бар 10 учаскедегі барлау жұмыстары аяқталды. Іздестіру Қарағанды облысындағы Құйрықтыкөл кен орнында да жүргізілді. Мұнда болжам бойынша 20 млн тоннаға жуық өнеркәсіптік қор бар. Қазақстанның басқа өңірлерінде де үлкен көлемде тантал мен ниобий қоры бар екені анықталды. Бұдан басқа, литий және басқа да iлеспе сирек металдардың кен орындары табылды.

Ерлан Ақбаров, ҚР Өндіріс және құрылыс министрлігі геология комитетінің төрағасы:

- 2021 жылғы үкіметтің тапсырмасы бойынша біз 12 нысанда жұмыс істедік, осы 12 нысанның 10-ында жұмыстар аяқталды. Әрі қарай барлау жұмыстарын жүргізу қажет. Мұнда нақты инвесторлар жұмыс істейтін болады. Қазір бұл учаскелерді «Тау-Кен Самұрыққа» беру мәселесі пысықталуда. Барлау жұмыстарын жүргізуге Канадалық компания лицензия алды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті сирек кездесетін металдарды игерудің маңыздылығы туралы айтқан болатын. Еліміз осындай кен орындарын игеруге шамамен 12 миллиард теңге инвестиция тартуға ниетті. Бұл қаражат қолда бар қорларды игеруге ғана емес, сонымен қатар елдің жаһандық жоғары технологиялық шикізат нарығындағы позициясын күшейтуге мүмкіндік береді. Айта кетейік, жаһандық нарық бағаның тұрақты өсу үрдісін көрсетеді. Бұл электромобильдер мен электрондық техника өндірісінің ұлғаюына байланысты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?