Каспий теңізінде 156 итбалық зерттеу нысанына айналды. Бұл сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген су жануарларын сақтап қалу қамындағы шаруа. Үкімет Қаулысына сәйкес, Маңғыстау және Атырау облыстарының жағалауындағы, Каспий теңізіндегі Дурнева, Тюленьи және Ақтоты аралдарындағы итбалықтарға ен салу туралы қаулы қабылдады.
Мамандардың есебінше, 4 жыл бұрын «қызыл кітапқа» енгізілген Каспий итбалығының саны бүгінде шамамен 300 мыңнан асады. Көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда бірқалыпты.
Дегенмен, бұл жолғы зерттеулер жануарлардың популяциясын есептеумен ғана шектелмейді.
Әнуар Шағылбаев, Гидробиология және экология институтының зертхана меңгерушісі:
– «Морфометрикалық зерттеуде итбалықтың бойы тұмсығынан бастап табанына дейін өлшенеді. Бұдан соң вирусологиялық талдама жасалады: мұрын, ауыз қуысынынан сілекей алып, зерттейміз. Хирургиялық зерттеуде қан талдамалары алынады. Келесі кезекте УЗИ диагностикасы жасалады, дене температурасы өлшенеді. Жағалаудағы жатын орындарында санақ жүргізіп, жынысы мен жасына дейін анықтағалы отырмыз. Нәтижесін келесі жылы хабарлаймыз.