Оңтүстік Қазақстанда жаңа күн электр станциясы іске қосылды

Оңтүстік Қазақстанда жаңа күн электр станциясы іске қосылды

Қазақстанда енді бір күн электр станциясы іске қосылды. 40 мегаваттық қуаты бар нысан Қызылорда облысында орналасқан. Бұл жобаға қытайлық инвестор қаржы салған. Аумағы сексен гектарды құрайтын күн электр станциясы 56 мың дана қос бетті күн панельдерінен тұрады. Енді алдағы уақытта тағы 20 мегаватт болатын құрылғылар әкелініп, қатарға қосылмақ. Бұл өндіріс ошақтарымен қоса, сол маңдағы халықты да түгел қамтуға мүмкіндік береді дейді мамандар.

Мәди Қырықбаев, Күн электр станциясының басшысы:

- Күнге арналған панельдеріміз бар. Одан бөлек, кернеуді үлкейтетін трансформаторларымыз бар. Бұл уран өндіретін РУ-6 станциясына беріледі, одан әрі қарай күннен алынған энергияны бірден сетьке береді. Сол арқылы халыққа, тұтынушыларға жарық береді.

Жалпы, өңірде осындай шағын панельдер орнатумен қатар, ауқымды жобалар да жүзеге асуда. Мәселен, жаңадан салынған жылу электр орталығы жылына 240 мегаватт қуат өндіруге қауқарлы. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?