Қазақстанға тәуелсіздік жылдарында 1 млн 130 мыңнан астам қандас келді

Қазақстанға тәуелсіздік жылдарында 1 млн 130 мыңнан астам қандас келді

Жыл басынан бері үш мыңға жуық адам қандас мәртебесіне ие болды. Олардың жартысынан көбі Қытайдан, 31% Өзбекстаннан, қалған бөлігі Түрікменстан, Моңғолия, Ресей және басқа елдерден тарихи отанына оралған. 

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды. Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстанушылар үшін арнайы мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған. Оның ішінде көшуге біржолғы субсидия, сондай-ақ тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге бір жылға дейінгі ай сайынғы төлемдер қарастырылған. Жалпы 2023 жылы пилоттық режимде Қазақстан елшіліктері арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша қандас мәртебесін беру тетігі іске асырылуда. Жаңа механизм шеңберінде елімізге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселені шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға болады. Жаңа форматта 6 мыңнан аса өтініш қабылданды.