Тәжікстанда туристік индустрия белсенді дамып келеді. Өткен жылы Орталық Азия елін 1,5 млн-ға жуық турист тамашалаған. 2019 жылдан бастап бұл елге ат басын бұрғандар саны 12%-ке ұлғайған. Әсіресе жиһанкездер жергілікті тау шаңғысы курортына қызығушылық танытуда. Курортта халықаралық стандарттарға сай барлық қажетті заманауи инфрақұрылым орналастырылған. Сонымен қатар бірегей жер, сарапшылардың айтуынша, туристерге Тәжікстанға жылдың кез келген мезгілінде келіп, қысқы ойын-сауықтың ләззатына бөленуге мүмкіндік береді. Курорттың аумағында заманауи қонақ үй, сауықтыру орталығы жұмыс істейді. Қос арқанды жолмен жабдықталған тау шаңғысы трассалары бар.

