Қазақстанда су тасқынынан келтірілген зиянды өтеуге өтінімдерді қабылдау
бойынша сервис іске қосылады. Елде бейнебақылау камералары арқылы су тасқынына
қарсы іс-шаралардың орындалуын есепке алу және бақылау бойынша платформа
құрылады. Сондай-ақ, инновациялық жоба су тасқынын модельдеу және су
қоймаларының деңгейін болжау жүйесінің прототипі әзірленді. Цифрлық құрал
берілген су деңгейіндегі су тасқыны аймағын картада көрсетуге мүмкіндік береді.
Жаңа құрал Үкімет басшысына таныстырылды. Олжас Бектенов жобаларды мақұлдап,
пилоттық режимде енгізу шараларын бастауды тапсырды. Отандық тауар өндірушілер
де назардан тыс қалмады. Озық үлгідегі сандық жүйелер өндірістік кәсіпорындардың
жұмысын қадағалауға және мемлекеттік органдар тарапынан олардың мүдделеріне нұқсан
келтіру фактілерін онлайн режимінде анықтауға мүмкіндік береді. Жаңа базалар
мен порталдарды енгізу ашықтықты арттыруға, процесстерді жеделдетуге және
өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.