Өңірлерде оқу процесін ұйымдастыру жұмыстары жалғасуда

Өңірлерде оқу процесін ұйымдастыру жұмыстары жалғасуда

Оқу-ағарту министрлігі еліміздің су тасқынынан зардап шеккен өңірлерінде оқу процесін ұйымдастыру жұмыстарын жалғастыруда. Аймақтарда  байланысты қамтамасыз ету және қашықтықтан оқытуды сапалы ұйымдастыру үшін жоғары жылдамдықты интернет орнатылып жатыр. Қазір Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарындағы 13 мектеп Starlink желісіне қосылды. 

Эвакуациялық пунктерде болған шамамен 5 мың бала сауықтыру орталықтары мен жатақханаларға орналастырылды. Сондай-ақ балалар мен ата-аналар үшін қосымша 8 мыңға жуық орын әзірленді. 

Мереке Нұрмұханова, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің  ресми өкілі: 

- Педагогтерді қолдау мақсатында Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының мұғалімдерін аттестаттау мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды. Еліміздің 42 мектебінде білім алушылардың жетістіктерін бағалау мониторингі жүргізілмейтін болды. Ақтөбе және Атырау облыстарының барлық білім алушылары үшін БЖБ мен ТЖБ өткізілмейді. Әрбір жағдай бойынша шешім жергілікті атқарушы органдар мен Оқу-ағарту министрлігінің хаттамасы негізінде қабылданады.