Қазақстанда тағы 3 шағын гидроэлектр станциясы салынады. Олар Қарағанды, Ақтөбе және Абай облыстарыында бой түзейді. Су ресурстары және ирригация министрлігінің хабарлауынша, қазір үш жоба да мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Бастама су электр станцияларын дамыту жөніндегі «Жол картасы» аясында қолға алынды. Онда шағын су электр станциясын орнатуға жарамды 29 нысан іріктелген. Жобалар жүзеге асса, гидротехникалық нысандар жыл сайын жалпы көлемі 30 МВт қуат өндіруге қауқарлы болмақ.
Мақсат Ибрагим, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ирригация және дренаж басқармасының бас сарапшысы:
- Қазіргі уақытта кәсіпорын теңгерімінде үш шағын СЭС бар. Олар Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев гидроторабында, Қарағанды облысындағы Ынтымақ су қоймасында және Қорғас өзеніндегі «Достық» гидроторабында орналасқан.

