Қазақстанда «Хроникадан болашаққа» атты республикалық
кинолекториясы жалғасуда. Ауқымды ағартушылық жоба Президент
Телеарадиокешенінің 30 жылдығы аясында жүзеге асып жатыр. Маусым айының 15-22 аралығында
Ақтау, Атырау, Орал және Ақтөбеде авторлық деректі фильмдер көрсетілімдері
өтеді. Көрермен назарына Президент телерадиокешенінің Деректі кино орталығының
үздік жұмыстары ұсынылады. Ақтауда
жалғасын тапқан шара ясында «Арал» және
«Тамшы» фильмдерінің көрсетілімі өтті. Соңғы таспада Каспий теңізін және айдынның
бірегей фаунасын сақтауға игі бастамаларымен атсалысып жүрген экобелсенділер туралы
баяндалады. Табиғат жанашырлары тың туынды арқылы Мемлекет басшысының «Таза
Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасын іске асырудағы қазақстандықтардың
үлесін кеңге насиғаттауды мақсат еткен.
Назжан Сәрсенбай - Ақтау қаласының тұрғыны:
- Каспий теңізімізді барынша экономдаумыз керек және де
осы фильмге қарап көптеген адамдарға түсінік бере алады. Себебі бұл Ақтаудағы
біздің Каспий теңізінің өте қажеттілігі. Себебі бұл фильмдер арқылы
Қазақстанымыздың Каспий теңіздің бізге не үшін қажет екендігі және содан біз не
алатынымызды көрсетеді.

