Өңдеуші өнеркәсіптің ел экономикасындағы үлесі 14% жетті

Өңдеуші өнеркәсіптің ел экономикасындағы үлесі 14% жетті

Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі биыл жеті айда 6% -дан астам өсім көрсетіп, өндірген өнім көлемі 16 трлн теңгеден асты. Жалпы, аталған саланың ел экономикасындағы үлесі 14% дейін ұлғайды. Мұндай тың деректерді үкімет келтіріп отыр. Бұл - Президенттің елдің берік өнеркәсіптік іргетасын қалау жөніндегі тапсырмаларының орындалу нәтижесі. Мәселен тек кәсіпкерлерді қолдау үшін 115 жобаны іске асыруға даму институттары арқылы 500 млрд теңге бағытталды. Өткен қаңтар-шілде айларында отандық компаниялардан тауарларды сатып алу көлемі бір жарым есеге ұлғайып, 1,2 трлн теңгеден асты. Бұндай қолдау мемлекеттік сатып алуларды реттеудің тағы бір тың құралына айналды.

Ерсайын Нағаспаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:

- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазір Үкімет өнеркәсіп саласының іргесін кеңейтуге басымдық беріп келеді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұл бағытта ауқымды шараларды қолға алды. Жалпы еліміздің өндірушілерді қолдау және  индустрияландыру саясатының арқасында біз өңдеу секторының өсім қарқыны тау-кен өндірісінен асып түскенін көріп отырмыз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?