Марокколық саяхатшы Қазақстанды көру үшін ондаған елді жүріп өтті.
Абуфирасс Абдилганидің сапарлап жүргеніне 1 ай болды. Мыңдаған шақырымды
бағындарды. Еуропа елдерін, Түркияны, Грузияны, Әзірбайжанды кесіп өтті. 67
жастағы саяхатшының жүріп өткен жолы аты аңызға айналған Жібек жолымен бірдей.
Қазақстанға мотоциклмен келді. Ақтау, Ақтөбе, Қызылорда және Түркістанға барып
үлгеріпті. Алматыны да көрсем деген ниеті бар. Марокколық қонақ қазақтың
қонақжайлылығына тәнті болып отыр. Қай елді мекенге барса да, адамдар жылы
қарсы алған. Ұлттық тағамдардан дәм татырып, аймақтың мәдениет, дәстүрімен таныстырған.
Полиция қызметкерлері болса, жол бойында көмек қолын созыпты. Ал, әр шаңырақ
түнеп шығуға ұсыныс жасаған. Абуфирасс Абдилгани шынайылық пен мейірімділігі
үшін қазақ халқына шексіз алғысын білдіріп отыр. Ол Отанында табысты кәсіпкер,
қонақ үйлер желісін басқарады. Сапар барысында тек мәдениетпен қана танысып
қоймай, болашақ ынтымақтастық үшін мүмкіндіктерді де зерделеп жүр.
Абуфирасс Абдилгани, саяхатшы:
- «Қазақстан дамып жатыр. Сіздің мемлекетте қауіпсіздік шаралары жоғары деңгейде. Себебі елде саяхаттау кезінде ешқандай қиындыққа тап болмадым. Бұл туристерді Қазақстанға тартуға оң ықпал етеді деп ойлаймын».
Қазақстан жасасын, Қазақстан жасасын!

