Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 35%-ке өсіп, 98 миллиард доллардан асып жығылды. Бұл жөнінде еліміздің жыл басынан бері экономикалық көрсеткіштері сараланған Үкімет отырысында айтылды. Бұл ретте алыстан гөрі өзге елдерге берісіміздің үлесі басым. Экспорт көлемінің өсімі 50%-ке жуықтаған. Өзге елдерге 63 миллиард теңгенің отандық өнімі жіберілген. Оның ішінде өңделген тауарлар үлесі 37 проценттен жоғары өсім көрсетті. Жалпы осы аралықта сауда теңгерімі еселене түскені байқалады. Экономикаға сыртқы және ішкі инвестиция тарту жағы қарқын алып келеді.
Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі:
Ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту – экономикалық өсудің маңызды факторы болып табылады. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі 6,7%-ды құрады. Оның ішінде экономиканың шикізаттық емес салаларына тартылған инвестиция көлемі ұлғайып келеді. Инвестицияның жоғары өсімі жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда, сондай-ақ көлік және қоймалау, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіпте тіркелді.