Бүгін мемлекет басшысы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілді қабылдады. Қанат Нұров Президентке 2024 жылы атқарған жұмысының нәтижелері туралы есеп берді. Кәсіпкерлердің құқығы бұзылуына қатысты келіп түскен шағым бойынша қабылданған оң шешімның нәтижесінде 20 миллиард теңгеден астам шығынның алдын алуға мүмкіндік туды. Елде бизнестің дамуын тежейтін басы артық әкімшілік кедергілерді жоюға баса мән беріледі. Қорытындылай келе, мемлекет басшысы Кәсіпкерлікті қорғау стратегиясын жүзеге асыру аясында қордаланған проблемаларды шешуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.
Сонымен қатар,
бүгін мемлекет басшысы инвесторлар қауымдастығының төрағасын қабылдады. Болат
Ақшолақов Президентке отандық бизнестің ұлттық рейтингін іске қосу жөніндегі
ұсынысын жеткізді. Бұдан бөлек, салық жүйесін жаңғырту, монополияға қарсы
саясатты жетілдіру және мемлекеттік сатып алуды реформалау мәселелері қозғалды.
Сонымен қатар, мемлекеттік басқару жүйесіне цифрлық шешімдер мен жасанды
интеллект технологияларын енгізуге баса мән берілді.

