Қазақстанда оқулықтар 100% цифрлық форматқа ауысты

Қазақстанда оқулықтар 100% цифрлық форматқа ауысты

Қазақстандағы барлық оқулықтар цифрлық форматқа көшірілді. Олар мемлекеттік сараптамадан сәтті өтіп, оқу-әдістемелік кешендердің тізіміне енгізілді. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, цифрлық оқулықтар еліміздегі 13 баспаның 11 платформасында әзірленген.

 

Майра Мелдебекова, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі комитеті төрағасының орынбасары:

 -Орта білім пәндеріне арналған барлық оқулықтар 100% цифрлық форматқа көшірілді деп айтуға болады. Атап айтқанда, бұл - мультимедиа, анимация, бейнероликтер, барлық пәндер бойынша виртуалды зертханалар. Әрине, барлық ақпараттық технологиялар, жалпы алғанда, электронды оқулықтарды, цифрлық оқу процесінде пайдалану мұғалімге сабақты әртараптандыруға, яғни қызықты етуге, қолжетімді түрде, кеңейтіп өткізуге мүмкіндік береді.


Сонымен қатар Қазақстанда робототехника, STEM, химия, физика, биология пәндері бойынша 1345 заманауи кабинет ашу жұмыстары жалғасуда. Жыл соңына еліміздің мыңнан астам мектебі  заманауи үлгідегі кабинеттермен жабдықталады

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?