Теннистен
Қазақстан ұлттық
құрамасы Дэвис Кубогінің
Әлемдік 1 тобында жарыс жолын жалғайды. Отандастарымыз Дания құрамасын Астанада
қабылдайды. 14-15 қыркүйекке жоспарланған матчтарға Юрий Щукин, Александр
Бублик пен Александр Недовесов секілді тіс қаққан теннисшілермен қатар Тимофей
Скатов пен Бейбіт Жұқаев секілді дарынды жастар шақырылды. Сонымен қатар, ATP
санатындағы бірнеше турнирлердің жеңімпазы – Александр Шевченко да Ұлттық
Құрамаға алғаш рет шақырту алды. Дания командасының өкілдері болса, дайындықтарының
жақсы екенін айтып, соңына дейін ойнайтындарын жеткізді.
Александр
Шевченко, теннистен
Қазақстан
ұлттық құрамасының мүшесі:
- Мен қатты қуанып отырмын. Дэвис Кубогінде еліміздің намысын қорғайтын мүмкіндік маған алғаш рет бұйырып отыр. Алғаш рет Ұлттық құрама сапында Олимпиадада өнер көрсеттім. Сол кезде өте ерекше әсер болды. Дегенмен, Дэвис Кубогінің дәрежесі өте жоғары. Біздің командамыз керемет, ұйымшыл әрі мықты. Сондықтан, осы командамыз – Қазақстан ұлттық құрамасы үшін барымды саламын.
Фредрик
Нильсен, теннистен
Дания
құрамасының капитаны:
- Дайындығымыз жақсы.
Біздің жігіттердің үшеуі Eastern Bullet-те «Челленджер» сапында өнімді жұмыс
істеді. Тағы бір ойыншымыз Мажарстанда ойнады. Спортшыларымыздың дайындығы
тыңғылықты. Корттарыңызда дайындалдық, ұнап жатыр.