Солтүстік қазақстандық шабандоздар дүниежүзілік көшпенділер ойынына сақадай
сай. Теріскейдің қос бірдей тұлпары бәйгенің бас жүлдесінен үмітті. Бірі Кавказ
елінен әкелінген «Аквамарин» атты жануар. Қамбар ата төлі Азия кубогының бес
дүркін жеңімпазы. Жуырда Алматы қаласында өткен іріктеу кезеңінде жорға
жарысында ешкімге дес бермей, мәре сызығын бірінші болып кесті. Ал, екінші
сәйгүлік құйрық-жалы таралған Француз жылқысы. Қуаныш Шахамбаевтің екі жасар тұлпары
жарыста «Құнан бәйгеге» шауып, ел намысын қорғайды.
Евгений Чибисов, ат спортынан ҚР спорт шебері:
- Соңғы жарыстан кейін, сәйгүлік тез қалпына келді. Қазір
күніне екі мәрте дайындаламыз. Көңіл күйі, тәбеті жақсы. Бұл ең бастысы. Көшпенділер
ойындарында жақсы нәтиже көрсетеміз деп ойлаймын. Соған тырысып бағамыз.
Қуаныш Шахамбаев, ат бапкері:
- Лақап аты – Қамысқұлақ. Жасы екі жаста. Бұл өзі Франция
елінен келген. Павлодарда өткен көшпенділерге іріктеу кезеңінде құнан бәйгеде бірінші
келді, 10 шақырымнан. Енді көшпенділерге дайындалып жатырмыз.
Түбі бір түркі жұрты
қатысатын, бүкіл әлем көз тігіп отырған көшпенділер ойыны қыркүйекте Астана
қаласында өтеді. Оған 90-ға жуық елден спортшылар қатысады.