Қазақстан Президенті Олимпиада мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрамаға ту табыстады

Қазақстан Президенті Олимпиада мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрамаға ту табыстады

Қазақстан Президенті Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің ең мықты спортшылары бақ сынайтын Италиядағы төрткүл дүние додаларын айрықша маңызды оқиға деп атады. Олимпиада ойындарына 40-қа жуық спортшымыз қатысады. Олар спорттың 10 түрінен жарысқа түседі. Қысқы Олимпиадаға жолдама алу үшін спортшыларымыз көптеген белестен өтті. Түрлі халықаралық жарыста табысты өнер көрсетіп, 17 алтын, 31 күміс және 21 қола медальға ие болды. Наурыз айының басында Италияда өтетін Паралимпиада ойындарына әзірге 10 лицензия бар.  Жолдама саны әлі де көбеюі мүмкін, – деді Президент. Мемлекет басшысы төрт жылда бір өтетін байрақты бәсекеге қазақстандық спортшылар тыңғылықты дайындалғанына тоқталып, шын мықтылар күш сынасатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сіздер шеберліктеріңізді шыңдап, аянбай еңбек еттіңіздер. Соның арқасында дүбірлі додаға қатысуға мүмкіндік алдыңыздар. Олимпиада чемпионы болу – әр спортшының арманы. Осы мақсатқа бір табан жақын тұрсыздар. «Ел сенімі – ерге жүк» дейді халқымыз. Баптарыңыз және бақтарыңыз қатар шауып, жүлдемен келесіздер деп сенемін. Барша халқымыз Сіздерге жанкүйер, тілекші болады. Бәріңізге сәттілік, жеңіс тілеймін! Көк Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?