Түрікмен
спортшылары 7-14 ақпанда Қытайда өтетін қысқы Азия ойындарына дайындалуда.
Ашхабад спорт кешенінде күн сайын мәнерлеп сырғанаушылар билерін
пысықтап, шеберліктерін шыңдауда. Солардың бірі – елдің екі дүркін чемпионы
Лариса Вахитова. Ол әрі жаттықтырушысы, әрі тәлімгері атанған өзінің анасымен әр бағдарламаны
әзірлейді. Жарыстарда әр қимылды мінсіз орындап шығуға қол жеткізу үшін әр әр
нәрсеге егжей-тегжейлі назар аударылады. Сонымен қатар, қысқы Азия ойындарына алғаш
рет түрікмен шорт-трекшілері қатысады.
Яна Вахитова, Мәнерлеп сырғанаудан жаттықтырушы:
- Қазір қыздарда күніне 3 рет жаттығу өтеді. Бұл таңертеңгі жаттығу,
физикалық дайындық, хореография, дене дайындығы, техникамен айналысамыз, содан
кейін мұзға шығамыз. Мұзда бағдарламаның бөліктері, сондай-ақ жаттықтырушымен
бірге жақсы теңгерілген бағдарлама пысықталады. Олар үшін жеке мұз беріледі
және барлық элементтерді мінсіз орындап шығу үшін күшейтілген дайындық
жүргізіледі.
Айханум Гуламалуева, Шорт-тректен аға жаттықтырушы:
- Біз алғаш рет қатысқалы отырмыз. Спорттың бұл түрі бізде енді ғана қолға алынып жатса да, өзімізді көрсетіп үлгердік. Біз 2023 жылы «Азия балаларына» қатыстық. Сондай-ақ, біз, Кореядағы жарыста бақ сынадық. Болашақта осындай үлкен алаңдарда және үлкен жарыстарға біздің балаларымыз бен спортшыларымыз қатысып, еліміздің намысын лайықты қорғаса дейміз.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

