Орталық Азия мемлекеттері жасанды интеллект этикасын құруда бірлесіп жұмыс атқаруға ниетті. Өйткені, ақпараттық технология шекара талғамайды. Әр салаға ендіріліп жатқан нейрожелілердің артында игілігімен қатар сын-қатерлері де бар. Сондықтан жасанды зейінді қолданудың ортақ эко жүйесін қалыптастыру керек. Бұл ретте этикалық қағидаттардың маңызы айрықша. Астанада Орталық Азия елдерінің сала мамандары осы төңіректегі сұрақтарды талқыға салды. Жиында IT мамандар ақпараттық қауіпсіздік мәселесін көтерді. Мәселен, жасанды интеллект алгоритмі дұрыс жазылмаса, оны қолданушының жеке деректеріне қауіп төнеді. Жаппай өндіріске қосу талай маманды нәпақасыз қалдырады деген әлеуметтің жағдайында ескеру жағы айтылды. Жалпы ғалымдардың пікірі жасанды зейінге берілетін мүмкіндіктер шектеулі болу керек. Яғни, мамандар оны көмекші құрал ретінде қолданған дұрыс дегенді алға тартып отыр.
Бейбіт Әбдікенов, Astana It University жасанды интеллект орталығының директоры:
- Кім шешім қабылдайды? Адам қабылдай ма немесе жүйе
қабылдай ма? Бұл да маңызды. Бірақ та менің ойым, адам шешім қабылдау керек,
жасанды интеллект бүкіл ақпаратты әкеп беріп көрсетеді, бірақ та соңғы нүкте сізде
болады. Әркімнің ойы бұған қатысты әртүрлі көбінесе ғылыми тұрғыдан жасанды
интеллектті көмекші құрал ретінде қолданған дұрыс.
Мақсат Байбеков, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесінің
бағдарламалар басшысы:
- ЮНЕСКО бұл бағытта жетекші рөл атқарып жасанды интеллект этикасы жөніндегі ұсынымдарды ілгерілетіп жатыр. Бұл ретте, Орталық Азия елдерінің халықаралық жұмыс процестеріне белсенді қатысуына бар мүмкіндіктер жасайды. Осы іс-шарадан күтілетін нәтижелер ол салааралық диалогты күшейту, жастар мен әйелдердің қатысуын арттыру және әділетті инклюзівті даму үшін ұсыныстар әзірлеу.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

